Қазақстандық Юлия Галышева могулдан Әлем кубогы кезеңінде екінші орынды иеленді

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Әйелдер арасындағы могул жарысынан Әлем Кубогының үшінші кезеңі АҚШ-та өтті, деп хабарлайды Sport.kz.

Бірінші орынды американдық Ханна Кирни жеңіп алды, ал екінші орын қазақстандық Юлия Галышеваға бұйырса, үшінші орын иегері Канаданың өкілі Максим Дюфур-Лапуан атанды.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Дарья Рыбалова 28-орынға табан тіреді.