Қазақстандық Юлия Путинцева Майамидегі теннис турнирінің үшінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Маймидегі турнирдің екінші айналымында германиялық Карина Виттхефтті жеңді. Матч қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:4, 6:4 есебімен аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Ойын 2 сағатқа созылды. Әлем рейтингінде 31-орында тұрған Путинцева келесі айналымда чехиялық теннисші Каролина Плишковамен бақ сынасады.