Зениттік бөлімшелер, ҚР ҚК-нің әскери техникасы мен қару-жарағы бір ай бойы полигон жағдайында болады. Әскери қызметшілердің саны 100-ден асады.
Теңіз жаяу әскерлері бригадасының зениттік дивизион әскери қызметшілері Маңғыстау облысынан оңтүстікке жеткізе отырып, жиынға өзінің техникасымен қатысатынын айта кеткен жөн.
Бұл оқу-жаттығу жауынгерлерге зениттік құрылғылардан жауынгерлік оқ ату бойынша іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, әскери қызметшілер жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сынақ тапсырады, бөлімшелердің сайысы өтеді. Оқу-жаттығудың басты мақсаты - Құрлық әскерлері зениттік бөлімшелерінің дағдысын жетілдіру және тікелей басқару болып табылады. Жаттықтыру жеке құрамның жоғары жауынгерлік рухын, моральдық-психологиялық қасиеттері мен кез келген сәтте Отанды қорғауға әзірлігін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.