Қазақстандық Ж.Алдабергенова фристайлдан Еуропа кубогының жеңімпазы атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл спортынан Еуропа кубогының жеңімпазы атанды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлағанындай, Жанбота өткен жылғы желтоқсан айында Финляндияда өткен кубок кезеңінде күміс және қола медальді иеленсе, одан кейін қаңтарда Беларусь еліндегі сайыста қос алтын жүлдені жеңіп алды. Ақпан айында Мәскеуде күмістен алқа тақса, осы наурызда Швейцарияда тағы бір алтын медальді еншіледі. Сөйтіп ол жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.