Қазақстандық жағажай волейболшылары 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында 17-орын алды

АЛМАТЫ. 14 шілде. ҚазАқпарат - Кипрдің Ларнака қаласында 11-14 шілде күндері жағажай волейболынан 19 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өтті.

Онда 32 команданың арасында Ақтау қаласынан «Каспий» волейбол клубының тәрбиеленушілері Нұрлан Көңілқос пен Сергей Котенев 17-орын алды.

Олар топтық кезеңде Норвегия мен Хорватия спортшыларына ұтылып, Алжирліктерден басым түскен болатын. Плей-офф кезеңінің бірінші кезеңінде латвиялықтарға есе жіберді. Олардың бұл көрсеткішін қыздар арасында бақ сынаған Екатерина Ласюта мен Александра Варасова да қайталады. Топтық кезеңде Кипр мен Хорватия спортшыларынан басым түскен қазақстандық қыздар бірінші раунда канадалықтарға ұтылып қалды. Соның нәтижесінде 31 команданың арасынан 17-орынға табан тіреді. Егер Ласюта 15-те, Нұрлан 17-де, ал Сергей мен Александрия  18-де екенін ескеретін болсақ, бұл көрсеткіш олар  үшін үлкен жетістік деуге болады.
Ересектер арасындағы ұлттық құраманың 2-нөмірлі спортшылары саналатын Любовь Богату мен Бақтыгүл Самалықова былтыр бұл дүбірлі додада үздік бестіктің қатарынан орын алған  болатын.