Қазақстандық жағажай волейболшылары «Киш Оупен» Азиялық турының жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Иранның Киш аралында 6-8 наурыз күндері жағажай волейболынан ерлер командалары арасында «Киш Оупен» Азиялық туры өтті.

Онда 8 команда өнер көрсеткен болатын. Олардың арасынан ел намысын қорғаған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко алтын медальді жеңіп алды. Ал Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев үдік бестіктің қатарына енді.

Денис Ровкин жаттықтыратын ұлттық құрама мүшелері 1-2 орынды өзара бөліскен еді. Бұл дүбірлі додада қазақстандықтар  21-22 қаңтар күндері   Шри Ланканың Коломбо қаласында өткен  Олимпиада ойындарының дәрежелік іріктеу жарысының 2-кезеңінде  ирандықтарға кеткен есесін қайтарды. Онда ақтық сында 2:2 есебімен тең түскенімен,  тай-брейкте Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченконы  Парвиз Фарух пен  Мохаммад Салах  10:15 есебімен ұтып кеткен еді.