"Таиландта ІІ Жасөспірімдер Олимпиадалық ойынының іріктеу турнирі өтті. Мықтылар алтылығына түсу міндетін алға қойған қазақстандық жігіттер - Сергей Полищук пен Егор Дмитриев, қыздар - Екатерина Ласюта мен Анастасия Туктарева 17-27 тамыз аралығында Қытайда өтетін жасөспірімдер олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды". - делінген хабарламада.
ІІ Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарына жағажай волейболы алғаш рет енгізілгені атап өтілген. Болашақ олимпиадашылардың жасы 15-18 аралығын құрайды. Қытайға он екі жолдама үшін Азиялық конфедерациядан 27 командамен (15-і - жігіттер, 12-сі - қыздар) өңірдің он сегіз елі бақ сынасты. Алты мықты командадан жазғы Олимпиадаға қатысатын болды.