9 желтоқсан күні басталған бұл дүбірлі додада ел намысын ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Дмитрий Яковлев, ал әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова қорғаған болатын. Алғашқы кезеңде өз тобында үздік шыққан Алексей - Дмитрий жұбы ширек финалда қытайлық Гао-Ли жұбын 2-0 (21-14, 28-26) есебімен ұтты. Бүгін олар енді жартылай финалда Оман елінің спортшыларымен сынға түсуде. Ал алғашқы кезеңде өз тобында екінші орын алған Татьяна-Ирина жұбы ширек финалда қытайлық құрбыларына 1-2 (21-19, 19-21, 9-15) есебімен есе жіберді.
18:59, 15 Желтоқсан 2010
Қазақстандық жағажай волейболшылары Оманда өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалында өнер көрсетуде
АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Оман елінің Маскат қаласында ІІ Азиялық жағажай ойындары аясындағы халықаралық турнирдің жартылай финалдық ойындары өтіп жатыр.