Сәрсенбіде басталған бұл жарыс ертең өз мәресіне жетеді. Онда ел құрамасының үздігі Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко рейтингі бойынша жарысты топтық сыннан бастады. Олар венесуэлалық (21-19, 21-17) және жаңа зеландиялықтарды (21-13, 21-14) ұтып, тек американдықтарға (19-21, 19-21) ғана ұтылды. Осыған қарамастан олар енді бүгін және ертеңгі плей-офф кезеңінде бақ сынамақ. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жарыстың негізгі кестесіне кіре алмады. Бірінші кезеңде Оңтүстік Африка Республикасынан келген қарсыластарын 2:1 (21-18, 13-21, 15-12) етіп ұтқан олар, екінші кезеңде жарыс қожайындарына дәл осындай есеппен есе жіберіп, 40 ұпаймен 33-інші орынды қанағат тұтты.
11:50, 09 Шілде 2012
Қазақстандық жағажай волейболшылары Швейцариядағы Әлемдік тур кезеңіне қатысуда
АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Швейцариядағы Гштаадта жағажай волейболынан «Гранд Слэма» Әлемдік тур додасының кезеңдік жарысы өтіп жатыр.