ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, онда ел намысын ерлер арасында 2 жұп қорғады. Атап айтқанда Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев және Антон Пилипюк пен Александр Бабичев. Жарыс қорытындысында Алексей мен Дмитрий 9-орын алса, Антон мен Александр 26 орынға табан тіреді.
16:34, 01 Тамыз 2011
Қазақстандық жағажай волейболшылары Шығыс Еуропа аймақтық қауымдастық жарысының 5-турына қатысты
АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шілденің 27-31 күндері жағажай волейболынан Ресейдің Зеленоград қаласында Шығыс Еуропа аймақтық қауымдастық жарыстарының 5-туры өтті.