Бақтыгүл Самаликова мен Любовь Богату бұған дейін топтық кезеңде қырғызстандықтар мен гонконгтықтарды 2:0, тайландықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын. Кеше ширек финалда филлипиндіктерден 2:0 есебімен басым түскен олар енді жартылай финалда тайландықтардың 1-ші нөмірлі жұбымен ақтық финалдың жолдамасын сарапқа салуда. Жалпы Азия чемпионатына биыл 12 елден 19 жұп қатысқан болатын.
14:43, 30 Қараша 2012
Қазақстандық жағажай волейболшылары студенттік командалар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңдерінде өнер көрсетуде
АЛМАТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландта студенттік командалар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық ойындарында алаң қожайындарымен бақ таластыруда. 27 қараша күні басталған бұл байрақты бәсекенің жеңімпаздары бүгін анықталады.