Онда ел намысын қорғаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы бұл сында американдықтармен күш сынасуда. Бұл байрақты бәсекені бірден негізгі кестеден бастаған қазақстандық спортшылар 1-кезеңде чехиялықтарды, 3-кезеңде жапониялықтарды 2:1, 2-кезеңде жарыс қожайындарын 2:0 етіп ұтып, ал 4-кезеңде бразиялықтарға 0:2 боп ұтылған болатын. Егер Татьяна мен Ирина ширек финалдан сүрінбей өтсе, ертең жартылай финалда келесі бір американдық жұппен кездеседі.
14:30, 27 Қазан 2012
Қазақстандық жағажай волейболшылары «SWATCH WORLD TOUR 2012» жарысының ширек финалында өнер көрсетуде
АЛМАТЫ. 27 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін жағажай волейболынан Тайландағы Банг Саенда өтіп жатқан әйелдер арасында «SWATCH WORLD TOUR 2012» жарысының «Open powered by PTT» кезеңінің ширек финалы өтіп жатыр.