Жүлде қоры 190 мың АҚШ долларын құрайтын бұл дүбірлі додада ұлттық құрама мүшелерінің ең соңғы жұбы бүгін негізгі кестедегі ойында американдық спортшылармен кездесті. Онда Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова бірінші кездесуде Уалш-Вранах (Walsh-Branagh) жұбына 0-2 (12-21, 14-21), ал Иви-Рутлид (Ivy-Rutledge) жұбына 2-1 (21-17, 19-21, 15-12) есебімен ұтылды. Бұған дейін іріктеу кезеңінде олардың командалас серіктері Марина Пилипенко мен Бақтыгүл Самалықова, Инна Рахматулина мен Людмила Исаева және Оксана Пилипенко мен Александра Варасова жұптары да жарыс жолынан шығып қалған болатын.
18:15, 04 Қараша 2010
Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы әлемдік турдағы жарысты сәтсіз аяқтады
АЛМАТЫ. 4 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таиландтың Пхукет аралында өтіп жатқан жағажай волейболының SWATCH FIVB Әлемдік турының Пхукет оупен кезеңдік сайысы қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды.