Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл байрақты бәсеекеде ел намысын ерлер мен әйелдер арасында екі-екіден 4 жұп қорғап жатыр. Олардың төртеуі де алғашқы жарыс күнін сәтті өткізді. Мәселен, өткен жылғы турнирде қола жүлдегер атанған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жаңазеландиялық қарсыластарын 21:9, 21:6 есебімен ұтты. Олардың командалас серіктері Бақытгүл Самалықова мен Марина Пилипенко болса малайзиялықтарды (21:16, 27:25) тізе бүктірді. Ал Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко гонконгтықтарды (21:14, 21:8), Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов вьетнамдықтардан (21:18, 21:13) 2:0 есебімен басым түсті. Бүгін Татьяна мен Ирина австралиялық, Бақытгүл мен Марина вьетнамдық, Александр мен Андрей индонезиялық, Дмитрий мен Алексей ирандық спортшыларымен бсекеге түседі.
15:05, 11 Сәуір 2011
Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы Азиялық турды сәтті бастады
АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Тайландтың Сонгхла қаласында жағажай волейболынан Азиялық тур басталды. Оған 13 елден 24 ер және 23 әйелдер жұбы қатысуда.