Қазақстандық жаңа «Қыз жолы» телехикаясы көрерменге ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазаннан бастап «Хабар» телеарнасынан «Қыз жолы» атты қазақ тіліндегі жаңа телехикая көрерменге жол тартады, деп хабарлайды khabar.kz.

Телехикая желісі мынадай: Ақерке ауылдағы үйін сатып, қаладағы үлкен әпкелеріне келеді. Міне, осы сәттен бастап олардың өмірінде шым-шытырық оқиғалар көбейеді. Алдымен үлкен әпкесі Гүлшаттың үйіне келіп жайғасқан соң, оның азаматтық некедегі жары Сұлтанмен тіл табыса алмайды. Майраның да отбасы көп балалы болғандықтан, бір шаңырақ астында өмір сүру ыңғайсыз. Сонымен Ақерке жалдамалы пәтерге көшіп, қаланың тіршілігіне сіңісіп кетеді.

Туындының режиссері: Асқар Бисембин. Басты рөлдерді Айнұр Бабаева, Бану Манкеева, Баян Қажнәбиева, Махамбет Мырза, Еркебұлан Дайыров, Гүлнар Жақыпова, Ербол Садырбаев, Жанат Тінбаев сынды әртістер сомдайды.