Қазақстандық және ресейлік ғалымдар бірлесіп металл көміртекті наноматериалдарды өңдеу жұмыстарын жүзеге асыруда
Бұл екі форум да мықты ғылыми-зерттеу зертханалық базасы бар танымал қазақстандық ЖОО - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қабырғасында әлемге танымал ғалымдардың қатысуымен өтті.
Аталған тақырыптар саласындағы жаңа тәжірибелерімен алмасу үшін форумға тек Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, Германия, Ұлыбритания, Польша, Жапония, АҚШ, Түркия, Қытай елдерінің ғалымдары келді.
Техника ғылымдарының докторы, «МИСис» ҰТЗУ-нің зерттеуші профессоры, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері Лев Васильевич Кожитов ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивтік сұхбатында «материалтану және наноматериалдардың перспективалы технологиялары» бойынша конференция 12-ші жыл қатарынан өткізіліп отырғанын атап өтті. Оны өткізу принципі - кезекпен, бір жыл Қазақстанда өткізілсе, келесі жылы Ресейде ұйымдастырылады. Бұл Қазақстанда өткізіліп отырған төртінші конференция. Сондай-ақ ең заманауи талдау және технологиялық жабдықтарды өндірушілер ретінде жапондықтар да атсалысуда.
«Біздің конференцияларда зерттеулерді тұжырымдайтын баяндамалар жасалады. Мәселен, мен металл көміртекті нанокомпозиттердің қасиеттерін зерттеу саласында «ИК-жылыту арқылы полиакрилонитрил негізінде нанокомпозиттердің металл көмірсутекті қасиеттерін зерттеу» баяндамасын жасап жатырмын.
Ол металл көмірсутекті нанокомпозиттер синтезіне арналады. Біз жаңа материалдарды зерттеп, қазақстандық әріптестерді осы іске тартуға ниеттіміз, бізде мұндай тәжірибе бар.
Мәселен, металл көмірсутекті нанокомпозиттер бойынша нақты жобалар бізде бар. Бұл технология қолданысқа енгізілетіндей дамыса, Қазақстан және Ресейдің мұқтаждықтары үшін пайдалануға жарар еді. Бұл материалды, металл көмірсутекті нанокомпозитті құрылыста электромагниттік сәулеленуден қорғану үшін және арнайы мақсаттарда қолдануға болады», - деді ресейлік ғалым.