деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көркем фильмнің режиссеры ресейлік Александр Черняев және қазақстандық режиссер Ержан Рүстембеков. Кино туынды Данияр Күмісбаев, Ержан Рүстембеков және Владимир Забалуевтың сценарийі бойынша түсірілді. Фильмнің музыкасын жазған ресейлік әнші, әрі композитор Аркадий Укупник. Фильмге «Күндізгі шолғыншы», «Тоғызыншы рота», «Үлкен қаладағы махаббат» атты фильмдерде ойнаған әртіс Алексей Чадов, «Рэкетир», «Махамбет қылышы» туындыларына түскен Әсел Сағатова, сонымен қатар, Ирина Розанова, Ерік Жолжақсынов, Фархат Әбдірайымов, Ольга Орлова, Наталья Рудова, Марина Черняева, Гоша Куценко, Артур Смолянинов сынды актерлар түскен.
«Бұл фильм ұзақ күткен қазақстандық және ресейлік жоба. Фильмнің көшірмесі алғаш рет 600 данамен шығады. Бұған дейін 50-ден асқан емес. Бұл біріншіден, екіншіден бір емес төрт елдің ірі кино орындарында көрсетілетіні біздің кинематография үшін үлкен жетістік», деді «Казақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев.