Атап айтқанда, Астана уақыты бойынша сағат 17-00-де әйелдер 75 келіге дейінгі салмақ бойынша күш сынасады.
Ал ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақтағы зілтеміршілер сағат 23-35-те өз күштерін паш етеді. Осы 105 келіге дейінгі салмақ бойынша Қазақстанның әлемге әйгілі спортшысы, Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің төрт мәрте жеңімпазы Илья Ильиннің қатысатыны спорт сүйер қауымның аса үлкен қызығушылығын танытып отыр. Бүгінгі таңда барша Қазақ елі Ильяның сәтті өнер көрсетуіне тілекші болса, сонымен қатар өзге елдерде де осы бір дарынды спортшының жанкүйерлері жыл санап өсіп келеді.
Ресей Президентінің кубогы Грозный қаласындағы «Олимпийск» спорт кешенінде өтеді.