Грек-рим күресінен 45 келі салмақта ел намысынқорғаған жас балуан финалда өзбек спортшысыАсадбек Бахрамовты 4:0 есебімен бір минутқа жеткізбей жеңді.
Ол алғашқыайналымда кадеттер арасында Еуропа чемпионы Фарид Садихлиді 15:4 есебімен жарысжолынан тайдырса, одан кейін Үндістан, Иран және Өзбекстан балуандарын айқынбасымдықпен ұтты.
Айта кетейік,Саматбек Ізімғали 4-7 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азиячемпионатында да бас жүлдені еншілеп, чемпион атанған болатын. Міне,араға тура бір ай салып, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Еркін, грек-рим және әйелдер арасындағы күрестен Әлем чемпионаты Болгарияастанасында 29 шілде – 4 тамыз аралығында өтті. Онда 18 жасқа дейінгі ербалалар мен қыздар әр күрес түрінен 10 медаль жиынтығын сарапқа салды.