НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кувейтте 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шебері 10 (2 алтын, 1 күміс, 7 қола) медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған дейінаталған чемпионатта ел намысын қорғап жатқан боксшылар арасынан үш боксшымыз 61келіде Виктор Литвинов, 67 келідегі Батырхан Сейтенов және 70 келідегі ЕрдосШәріпбек финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Финалда 67 келігедейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырхан Сейтенов пен 70 келіде ЕрдосШәріпбек Азия чемпионы атанса, Виктор Литвинов (61 келі) қарсыласына жол беріп,күміс медалді қанағат тұтты.
Ал қола медальдардыДамир Байпақов (37 келі), Әмір Сейілхан (40 келі), Бақтияр Анарбаев (43 келі),Дархан Нұржігіт, Сұлтан Молдаш (49 келі), Жасұлан Абдолда (55 келі) және ЖандосЕрсұлтанов (64 келі) жеңіп алды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.