НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында өткен ашық Еуропа кубогында қазақстандықтар да жүлдесіз қалған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш додаға 34 елден 600-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.
Қазақстан жастар құрамасы сапында 34 жас татами шебері ел намысын қорғады.
Жарыстың алғашқы күні Ермек Амангелді (66 кг) мен Болат Біләл (60 кг) финалда ғана сүрініп, күміс жүлдегер атанды.
Жексенбі күні құрама қоржынына алтын медаль да түсті. Ақмарал Науатбек 48 кг салмақта қарсыластарының барлығын тізе бүктіріп, чемпион атанды.
Сондай-ақ осы салмақта Ғалия Тынбаева жүлдегерлер қатарынан көрініп, үшінші орынға көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).