Қазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында 1-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейрутта (Ливан) кадеттер арасында өткен дзюдодан Азия чемпионатында отандастарымыз 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандық жас татами шеберлері қоржынға 4 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде салып, медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынға шықты.

Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен жарысты аяқтады.

Осыған дейін жарыстың бірінші күні 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз. 

Жарыстың соңғы күні жүлде алған отандастарымыз:

Алтын - Сәдуақас Бекарыс (90 кг)

Алтын - Мұхамбет Зұлхарнаев ( 90 кг)

Алтын - Кристина Сотникова (63 кг)

Алтын - Маргарита Гриценко (70 кг)

Күміс - Ханифа Тугушева (57 кг)

Күміс - Мадина Парагульгова ( 70 кг)

Күміс - Аян Байғазы (81 кг)

Қола - Шырын Қадірсіз (57 кг)