Еуразия ұлттық университетінің хабарлауынша, аталған оқу орнының 4-курс студенті Камила Егізбек жеңімпаз атанған.
«Оның адамзатқа энергияны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін перовскиттік наноқұрылымдардың қасиеттерін зерттеудегі ғылыми зерттеу жұмысы ерекше бағаға ие болған. Бұл өз кезегінде технологиялардың өнеркәсіптік дамуына үлкен үлес қосады» - делінген хабарламада.
Жобаға Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Түркия елдерінен үміткерлер өтінім берді.