ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Чехия астанасы - Прага қаласында өткен халықаралық «Diamond voice» конкурсынан қызылордалық өнерпаздар табысты оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық конкурста 16 жастағылар арасында Арайлым Берік бірінші орын алды. Ал 8-12 жастағы сайыскерлер арасында Дінмұхамед Төлеубай «Бриллиант дауысты әнші» атанды.
Қос өнерпаз Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанындағы балалар студиясында тәлім алады. Балалар студиясына ҚР еңбек сіңірген әртісі Қарагөз Ақдәулетова жетекшілік етеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.