Алайда, биылғы тамыз айынан бастап, Б.Асаубаева Ресей намысын қорғайтын болады. Сергей Нестеровтың шақыртуымен, Мәскеу облысындағы шахмат федерациясына қабылданады. Қазір Бибісара Химки қаласында тұрып жатыр.
Бибісара 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Төрт жасында атасынан шахмат ойынын үйренген.
«Және сол жылы теледидардан Кирсан Илюмжиновтың Александра Костенюкке алтын медаль мен шахмат тәжін кигізгенін көріп қалдым, - дейді Бибісара. - Содан бері әлем чемпионы болсам деп армандай бастадым!».