«Әлем чемпионатының (WORLD YOUTH CHESS CHAMPIONSHIP 2014) қорытындысы бойынша Қазақстан екі медаль алды. 18 жасқа дейінгілер санатында алтын жүлде Динара Сәдуақасоваға бұйырса, 10 жасқа дейінгілер санатында Бибісара Асаубаева күміс медальға ие болды», - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Шахмат федерациясынан.
11:04, 30 Қыркүйек 2014
Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында екі медаль иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан құрама командасы шахматтан жасөспірімдер мен қыздар арасында оңтүстікафрикалық Дурбанда өткен әлем чемпионатында командалық үшінші орынға ие болды.