НҰР-СҰЛТАН. Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар Нұрланұлы 14 жвсқа дейінгілер арасында 20 апта бойы көш бастап келеді.
Қазір Заңғардың еншісінде 505 ұпай бар.
Сондай-ақ Қазақстаннан Дамир Жалғасбай 38-орында, Даниэль Тазабеков 129-сатыда тұр.
Junior Masters - Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік жас теннисшілері бақ сынайтын ірі жарыс. Онда кезінде Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты теннисшілер чемпион атанған.
Дода Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Майами турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).