АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жас теннисшілер рейтингтегі орындарын жақсартты.
Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындады, ол қазір 105-орында тұр. Максим Батютенко 120, Даниал Рахматуллаев 202, Виталий Зацепин 209-сатыда келеді.
Жуырда Қарағандыда өткен жарыста жеңімпаз атанған 15 жасар Әмір Омарханов 345-тен бірден 269-ға көтерілді. Сондай-ақ Ілияс Маратұлы 308-інші ( 55), Ерасыл Бақтияр 875-інші ( 64), Заңғар Нұрланұлы 907-орынға жайғасты.
Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орнында қалса, Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдәулет – 147, Айя Нұпбай – 149, Іңкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Аманкелді 446-сатыда келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Әбу-Дабиде АҚШ чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.
Фото – Қазақстан теннис федерациясы
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).