Қазақстандық жас теннисшілер Украинада өткен жарыста чемпион атанды
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Асылжан Арыстанбекова жекелей сында үздік шықты.
Ол финалда отандасы Айя Нұпбайды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен ұтты.
Тағы бір қазақстандық, 13 жасар Әмір Омарханов Бакуде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors жарысында финалист атанды. Соңғы сында ол әзербайжандық Тамерлан Азизовтан ұтылды - 3:6, 2:6. Бұл оның осы санаттағы алғашқы финалы еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанғанын, Тимофей Скатовтың Киев жарысының финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Ал Александр Недовесов Киевте жеңімпаз атанды.