Қазақстандық жас теннисшілердің Азия біріншілігіндегі қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Дәулет» теннис орталығында 12-17 қыркүйек аралығында 12 жасқа дейінгілер арасында Азия командалық біріншілігінің финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жүлделі орындар үшін 10 елдің спортшылары таласады.

Жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан ұлдар құрамасы А тобында Иран, Гонконг, Мьянма және Пәкістан командаларымен сынға түседі.

Қыздар В тобында Тайбэй, Малайзия, Шри-Ланка және Иранмен ойнайды.

Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер анықталды.

Қыздар:

1. Линара Бөлешева (Алматы)

2. Полина Барабанова (Қарағанды)

3. Әмина Нұрмахан (Алматы)

Капитаны - Ольга Дзюба.

Ұлдар:

1. Роберт Каминский (Алматы)

2. Родион Трайгель (Қарағанды)

3. Гиорги Брегвадзе (Атырау)

Капитаны - Сергей Квак.

Азия чемпионаты Қазақстан астанасында бесінші рет өткелі отыр. Қазақстандық қыздар 2019 және 2021 жылдары чемпион атанды. Ал ұлдар 2019 жылы қола жүлдеге ие болса, өткен жылы финалда Пәкістанға жол берді.

Турнир Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан теннис құрамасының Дэвис кубогына дайындықты бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақғ поляк теннисшісі алғаш рет US Open турнирінің жеңімпазы атанды .