Қазақстандық жас жанкүйер Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға шығып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас жанкүйер Криштиану Роналдумен көрісу үшін матч кезінде алаңға жүгіріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сурет әлеуметтік желілерді шарлап кетті.

21 шілдеде Сингапурда өткен «Ювентус» пен «Тоттенхэм» арасындағыхалықаралық чемпиондар кубогының матчында қазақстандық спорт жанкүйері қосалқы құрам ойыншылары отыратын орыннан Роналдуды көріп қалған.

Ол сүйікті спортшысының қолын алу үшін алаңға жүгіріп шыққан.

Ювентус бапкері бұл туралы былай деп жазды.

«Алаңда жүгіріп келе жатқан жас жігітті көрдім. Оны алып кетеді-ау депқорықтым. Ол Роналдумен суретке түскісі келген. Сол үшін мен оны осында ертіпкелдім. Мен үшін бұл қуаныш», - деді Ювентус бапкері.

Айта кету керек, бұл кездесуде Роналду 60-минутта гол салды. Сосын оныбапкері Матеус Перейрумен ауыстырды.

«Алтын доптың» 5 дүркін иегері жүгіріп келген жігітті қуана қарсы алып,суретке түсіп, ойын біткенше сол жерден тамашалуға шақырды.

Кейбір БАҚ-тардың хабарлауынша, баланың аты Ахмади Ержанов. Ол әкесіменАқтаудан келген.

Айта кету керек, «Ювентус» - «Тоттенхэм» кездесуі 21 шілдеде Сингапурдаөткен болатын. Бұл кездесуде ағылшындар 3;2 есебімен жеңіске жетті.