Қазақстандық жасөспірім хоккейшілер Минскідегі халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь астанасы Минскіде хоккейден 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы халықаралық турнир аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы үш кездесудің біреуінде жеңіске жетіп, үшінші орын иеленген.

Ал финалда Ресей командасын 4:1 есебімен ұтқан Беларусь командсы жеңіске жетті.