АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Еуропа рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға жайғасты. Михаил Мищенко 114-інші, Роберт Каминский 139-сатыда тұр.
Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан - 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді.
Азия рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан бұрынғыша көш бастауда.
Қыздардан бес қазақстандық ТОП-10-ға кірді. Сафина Сафиулина - 2, Ариана Гогулина - 4, Даная Аманғажиева - 7, Полина Слепцова - 8 және Еркежан Жаңатаева 9-орында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жұптық сында Роттердам турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Аргентинадағы жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).