Қазақстандық жасөспірім үстел теннисінен халықаралық турнирде алтын медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Дженин (Ливан) қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Jezzine халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

11 жасқа дейін жас санатында Қазақстан атынан шыққан қарағандылық Мария Лукьянова үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды.

13 жасқа дейінгі спортшылар арасында Дарья Фу (Қарағанды), Айназ Әділгереева (Алматы), Мария Лукьянова (Қарағанды) ширек финалға шыққан болатын.

Фото: ttfrk.kz