НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық жас теннисшілер алдыңғы аптамен салыстырғанда, едәуір жоғары көтерілді.
Максим Батютенко бірден 16 сатыны артқа тастап, 59-орынға жайғасты. Душанбеде абсолютті жеңімпаз атанған Виталий Зацепин 588-ден 498-ге жоғарылады.
Қыздар арасында Аружан Сағындықова алғаш рет үздік 60 теннисшінің қатарына кірді, қазір ол 51-сатыда. Сондай-ақ, көрсеткіштерін жақсартқан Сандуғаш Кенжебаева 65-ші ( 24), Жанель Рүстемова 128-ші ( 9), Еркежан Арыстанбекова 179-орында ( 26) келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кіргенін, қазақстандық теннисшінің Грузиядағы жарыста үздік шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).