Қазақстандық жасөспірімдер еркін күрестен Бакуде өткен халықаралық турнирден олжалы оралды

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Әзірбайжанның Баку қаласындағы «Абу-Арена» спорт кешенінде еркін күрестен жасөспірімдер арасында Мувшиг Исаевты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының сайтындағы хабарламаға қарағанда, оған Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан 129 балуан қатысқан көрінеді. Бұл байрақты бәсекеде Нұрғали Рақманқұловтың шәкірттерінен Ербол Ділмағамбетов (42 кг), Нұржан Сейітжан (46 кг) және Ілияс Жұмай (69 кг) қола жүлдегер атанып отыр.