Жастардың келесі әлем чемпионаты Ванкувер және Виктория қалаларында өтеді. Әлем біріншілігі 2018 жылғы 26 желтоқсаннан 2019 жылғы 5 қаңтарға дейін жалғасады. Оған: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания құрамалары жолдама алған.
Еске сала кетсек, Куршевелде өткен әлем чемпионаты бірінші дивизионының «А» тобында Қазақстан жастар құрамасы бес ойында бес жеңіске жетіп, элитаға жолдама алған болатын.