АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жаттықтырушылар Уэльсте білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚФФ баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, жаттықтырушыларға арналған УЕФА семинары Ньюпортта 27 - 30 сәуір аралығында өтеді.
Тәжірибе алмасып, білім алуға аттанатын жаттықтырушылар қатарында Қазақстан Ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов және 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкерінің көмекшісі Ерлан Махамбедиев бар.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.