Қазақстандық спортшы бірінші раунд аяқталарға 1 минут қалғанда қырғызстандық файтер Азат Нұрмамадовты буындыру әдісімен жеңді. Жеңілерден бұрын қырғызстандық жекпе-жек шеберінің аузындағы капасы түсіп қалған болатын, алайда жекпе-жек жалғаса берді.
Кездесу соңында екі спортшының арасында бір кикілжің туындады, алайда оның неден шыққан сол бойы белгісіз болып қалды. Мамедов үшін бұл карьерасындағы қатарынан келген 3 жеңіс болса, қырғызстандық жекпе-жек шебері осымен 3 рет жеңіліп, 2 рет жеңіске жетті.