Қазақстандық желаяқ әлемнің үздік жеңіл атлеті атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Сергей Поликарпов Малагада өткен Әлем чемпионатында ұзақ қашықтықта жүгіруден 2017 жылдың үздік ардагер жеңіл атлеті атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Қостанайлық Сергей Поликарпов - елдің танымал жеңіл атлеттерінің бірі. Спортшы 5 мың және 10 мың метрде жүгіруден ардагерлер арасында бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған. Спортшы ұзақ жылдар бойы әлем чемпионаттары, ардагерлер арасындағы Дүниежүзілік ойындар сынды ірі халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

Сондай-ақ, Поликарпов 2013 жылғы Дүниежүзілік ойындарда 5 мың және 10 мың метр қашықтықта жүгіруден жеңімпаз атанып, жартылай марафонда алтын медаль иеленген.

Айта кету керек, 19 қазан күні Сергей Поликарпов 60 жасқа толады.