ҚазАқпарат тілшісіне жарыстың ұйымдастыру комитетінен хабарлағандай, жүгіруге Санкт-Петербор, Ресей, ТМД және Балтық елдерінің, басқа да шет мемлекеттердің өкілдері қатысады. Қатысушылардың жастарына, істейтін жұмыстары мен әлеуметтік жағдайларына шек қойылмаған.
Петербор губернаторы Валентина Матвиенконың бастамасының арқасында, бұл жарыс салауатты өмір салтын насихаттайтын дәстүрлі спорттық әлеуметтік маңызды шараға айналып отыр.
«Әйелдер ондығы» жарысында ер азаматтарға тек жанкүйердің рөлі ғана бұйырады.