20:45, 23 Сәуір 2009
Қазақстандық жеңілатлет мемориалдық турнирдің жеңімпазы атанды
БІШКЕК. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының марафондық жүгіруден қола жүлдегері Сатымқұл Жұманазаровты еске түсіруге арналған жеңіл алтеликадан халықаралық жарыстарда әйелдер арасында 100 метрлік қашықтыққа жүгіруден қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін қырғыз астанасындағы «Спартак» стадионында өткен мемориалдық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан спортшылары қатысты. Қазақстандық жеңілатлет Жәмила Қанафина 100 метрлік қашықтықты 12,9 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз болды. Турнирдің басқа спорт түрлерінен ресейлік және қырғызстандық жеңілатлеттер алға шықты.