Қазақстандық жігіттер су добынан Жапонияда өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады

АЛМАТЫ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Жапонияның Токио қаласында су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатының ерлер арасындағы сыны басталды.

  Онда қазақстандық жігіттер қытайлық қарсыластарынан 8:7 есебімен басым түсті. Олар бүгін енді  Жапония, ал ертең Кувейт құрамасымен сайысқа түседі.

Ал  24 қаңтарда басталған әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан спортшылары қытайлықтарға 8:21 есебімен есе жіберген еді.  Алан Балфанбаев жаттықтыратын ұлттық құрама кеше Жапония су добы шеберлерімен болған екінші кездесуде 12:5 есебімен басым түсті.   Бұлбәсекеде 1-орын алған командалар Лондонда өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болмақ. Ал 2-3 орын алғандар әйелдер командалары арасында 15-22 сәуірде Канаданың Триест қаласында,  ал ерлер командалары 1-8 сәуірде Канаданың Эдмонтон қаласында өтетін FINA-ның дәрежелік турнирлеріне қатысады.