Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығының сайты ашылды

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығының сайты ашылды.

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Энерготиімділік және технологиялар: Қазақстанда өткізілетін іс-шаралар мәртебесі» конференциясында аталған қауымдастықтың президенті Ғалым Әмреев мәлім етті.

«Бүгінгі осы шараға орай біз Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығының арнайы сайтын ашуды орайластырдық. Біздің сайтқа ғаламтордан www.kaveik.kz адресі арқылы кіре аласыздар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, сайт құрудағы негізгі мақсат елімізде энергия үнемдеу саласында орын алып жатқан жаңалықтарды таныстыру болып табылады. Онда осы саладағы ең үздік тәжірибелер таныстырылатын болады.

Сонымен қатар Ғ.Әмреевтің атап өтуінше, энергия үнемдеу және энерготиімділік бағытындағы жұмыстарды жұртшылыққа жеткізуде  «24.кз» және «Мир» телеарналарымен уағдаластыққа қол жеткізілген.