- Қабдолсамих Көшекұлы, біздің елімізде президенттік институт тарихы неден басталып еді?
- Қазақстандағы президенттік институт 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңмен белгіленген болатын. Сол күні еліміз тарихында Қазақстан Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Уақыт өте күрделі болатын. Одан кейінгі оқиғалардың дамуы 91-жылдың желтоқсанына алып келді, кезіндегі үлкен ел - Кеңес Одағы ыдыраудың алдында тұрды.
Осы жағдайда 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы бүкіллхалықтық Президент сайлауы өтті. Осы сайлауда сайлаушылар 98,7% дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Республика Президентін бүкілхалықтық қолдау Қазақстан сенімді жолда тұрғанын көрсетті.
- Яғни, Қазақстан кейін посткеңестік кеңістікте өз президенті пайда болған алғашқы мемлекет болды ғой?
- Дәл солай, елімізде енгізілген президенттік институт бірегей қадам болды. Біздің бұрын ешқандай тәжірибеміз болған жоқ, ал Мәскеу қарсы болды, Горбачев тіпті 24 сәуірге дейін-ақ Қазақстанда президенттік институтты енгізу мүмкіндігіне қатты қарсылық танытты. Дегенмен бұл орайда Назарбаевтың ерік-жігері осы институтты құруда зор басты рөл атқарды ғой деп ойлаймын.
Еліміздегі оқиғалардың одан әрі өрбуі біз кеңестік жолмен дами алмайтынымызды көрсетті. Жоғарғы Кеңес көптеген аспектілер бойынша - мәртебесі жағынан да және заңнамалық үдерісті дамыту жағынан да - бұл құрылым өтпелі кезең талаптарына енді жауап бере алмайтынын көрсетті. Заңнамалық актілер экономика мен саясаттағы оқиғаларға ілесе алмады.
Есіңізде болар, 12-шақырылған Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратты. Бұдан кейін 1995 жылғы наурызда елімізде саяси дағдарыс орын алды, сол кезде Конституциялық соттың шешімімен 13-ші шақырылған Жоғарғы Кеңес сайлауы заңсыз деп танылды. ал біз елдің жарты жылдан астам уақыт парламентсіз өмір сүрген жағдайына тап болдық.
- Бұл кезең түбегейлі реформалардың бастау алған кезеңі еді ғой, солай емес пе?
- Әрине, бұл жағдайда батыл шешімдер қабылдау қажет болдды. Және Нұрсұлтан Әбішұлы президенттің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзартуға ұйғарды. 1995 жылғы 29 сәуірде халық референдумда өкілеттікті ұзартуды қолдады.
Осы айларда бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Міне содан бергі 20 жыл ішінде бұл органның қажеттілігі өте зор болғанын білеміз. Нақ осы Қазақстан халқы Ассамблеясы екі референдумді өткізуде, оның ішінде 1995 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясын қабылдауда елеулі рөл атқарды.
Бұл Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы болып қана қойған жоқ. Бұл өз өмірін қандай принциптерде құру қажет, әрі қарай қалай дамимыз, деген тағдырлы шешім қабылдаудағы халықтың тарихи таңдауы болды. Біз бұл таңдауды жасадық: біз адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып табылатын демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекетті қалыптастыру жолын түстік. Президентік басқару формасы таңдалды.
- Яғни, елге берік президенттік билік қажет болды ғой?
- Иә, даусыз солай, өйткені көптеген елдердің тәжірибесінен байқағанымыздай, өктемшіл жүйеден демократиялық басқаруға шұғыл көшу мүмкін емес. Бұл екі басқару формасының арасында қашан да белгілі бір уақыт өлшемі жатады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 90-жылдардағы сұхбаттарының бірінде айтуынша, 2000-жылдарда демократияның парламенттік басқару жүйесі нұсқасына басымдық береміз деген еді, біз бұл формаға қарай келе жатырмыз.
- Эволюциялық дамудың пайдалы екендігіне көз жеткізетін мысалдарды көріп жүрміз. Мәселен, Қырғызстан кезекті рет Конституцияны өзгертіп, күшті президент институтын орнықтыруды ұсынуда. Молдовада да - осыған ұқсас жайттар. Бұдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы келді. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде ол: "Сіздер күшті президент институтын сақтағандарыңызды қалар едім. Өйткені, мысалға Франциядағыдай жартылай президенттік республиканы енгізу премьер-министр мен президент арасында белгілі бір келіспеушіліктер туындатуы мүмкін, соның салдарынан саяси дағдарыс пайда болады".
Ресейдің ықпалды сарапшылары да Ресейде күшті президенттік басқару формасын сақтау жөнінде әлденеше рет айтып келеді.
- Сонымен, Сіз Қазақстандағы президенттік институт өзін ақтады деп санайсыз ғой?
-Әлбетте! Осы жылдар ішінде біз мемлекеттік билік институттарының тұрақтылығын байқап отырмыз. Біздің экономикамыз тұрақты даму үстінде. Менің пікірімше, еліміз әлемдік экономикалық дағдарыс салдарын да біркелкі қалыпты өткізді. Алтын-валюта қорымыз молайып келеді, көптеген елеулі бағдарламалар қабылдануда, соның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Бұл мемлекеттік бағдарлама ойдағыдай жұмыс жасауда, енді біз оның екінші бесжылдығын жоспарлап отырмыз. Адам капиталын дамыту жөнінде өте көп жұмыстар жүргізілуде.
Мен Ел президенті, Ұлт көшбасшысының саясатын бақылап отырамын, сонда байқағаным: Нұрсұлтан Әбішұлы тереңнен толғайды, бізден гөрі қиядағыны көзі шалады және ел дамуының басты кезеңдерін әріден шолады.
Қазақстан саясат саласында кезең-кезеңмен демократиялық реформалар жолымен келе жатқанын тағы да атап көрсеткім келеді. Ал бұл кезеңдік, - тұрақты түрде жаңа биіктерге қарай ілгері жылжу деген сөз, бұл біз үшін өте маңызды. Сондықтан да президенттік институтты қасаң саяси-құқықтық институт деп қараудың жөні жоқ. Ол экономикада, сондай-ақ саясатта көрініс тапқан үрдістерге сәйкес бұдан әрі дами бермек.