Қазақстандық жүзгіш АҚШ-та өткен жарыста екі «алтынға» қол жеткізді

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Американың Флорида штатындағы Дэйви қаласында қазақстандық жүзгіштер - олимпиадалық дайындық республикалық орталығы тәрбиеленушілерінің оқу-жаттығу жиыны өтті,

деп хабарлайды Vesti.kz .

 Жиын аясында Davie Nadadores Swim Team жүзу клубында отандық жүзушілер Mike Horgan Memorial Swim Meet халықаралық жарысына қатысты. Оған АҚШ, Бразилия, Ресей және Мексика елдерінің клубтық командалары да қатысты.

 11-12 жас аралығындағы топта шыққан астаналық Егор Ломакин бірден екі медальді жеңіп алды. Ол брасс әдісі бойынша 50 метрлікте және 200 метрлік қашықтықтағы кешендік жүзуде бірінші болып келді.