Қазақстандық зілтемірші Анна Нұрмұхамбетова жоғары жүлдеге іліге алмады

None
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында ауыр атлетикадан 69 келі салмақ дәрежесінде өткен жарыста қазақстандық зілтемірші Анна Нұрмұхамбетова жоғары жүлдеге іліге алмады.

Алғашқы жұлқа көтеруде 115 келіні басынан асырған ол, екінші - серпе көтеру сайысында 136 келіні бағындырды. Айта кету керек, жұлқада 117  келіні көтерген Аннаның бұл салмағын төрешілер санамай қойды. Қорытынды ұпай - 251. Турнир нәтижесі бойынша ауыр атлетшіміз 5-орын алды.

Ал "алтынды" қос сайыстың нәтижесі бойынша 261 келіні бағындырған Солтүстік Корея зілтеміршісі Сим Ионг Рим қанжығасына байлап кетті. Екінші орын румыниялық Даниэла Роксанаға (256 келі) бұйырды. Қола медаль Беларусь елінің спортшысы Марина Шкерманковада (256 келі).  

Жалпы, Анна балалар үйінде өскен. Ауыр атлетикамен 12 жасынан бастап айналысыпты. Әуелі Қостанай облысында тұрған. Алғашқы бапкері - Виктор Ми­хайлусов. Содан соң Ақмола облысына ауы­сып, Бөгенбай батыр атындағы спорт­қа дарынды балалар мектеп-интернатын­да дәріс алды. Осы шаңырақтан бастап Сергей Шевченконың қол астында жат­тықты. Ауыр атлетикаға дейін гимнастикамен шұғылданған.