Фавориттердің осал тұсын пайдаланып қалған Қазақстанның 22 жастағы өкілі қоссайыс қорытындысында 372 келі жинап, әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Солтүстік Кореядан күміс жүлдегер Хван Сон Ким біздің атлеттен салмақтылау болып шықты. Қола медаль мысырлық Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихабқа бұйырды.
Ауыр атлетика. Әлем Чемпионаты. Хьюстон (АҚШ), Ерлер. 77 келі.
1. Ниджат Рахимов (Қазақстан) - 372 (165 207) 2. Хван Сон Ким (КХДР) - 372 (171 201) 3. Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихаб (Египет) - 363 (162 201).