Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 келіні (115 140) бағындырған. Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108 136) еңсерген.
Бүгін Зүлфия Чиншало мен Игорь Сон жүлдеге таласатынын естеріңізге саламыз.