Профессор, астрофизик Андрей Солодовник бұл күннің бесінші мәрте тұтылуы екенін айтты. Әрі осы жылдағы соңғысы көрінеді.
«Күннің тұтылуы Солтүстік және Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында анық байқалады. Астанада және оңтүстік пен батыс шаһарларында бұл құбылыс көрінбеуі мүмкін, - деді астрофизик.
Жер шарының бірде-бір жерінде күн толық тұтылмайды. Солодовниктің сөзінше, ең жоғарғы фазасы бізде байқалады. 0.23. Бұдан кейін Арктика мен Еуропаның солтүстік-шығысында біршама оңтайлы ракурста көрінетінін айтады.
Күннің тұтылуы 11 тамызда сағат 15:31-де басталып, сағат 16:54-де аяқталады деп болжанды.